Аймақты таңдаңыз
KZ RU
Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Конкурстық комиссиядағы өзгерістер
Конкурстық комиссиядағы өзгерістер

Құрметті, мектеп, Білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері!

Түркістан облысы Білім Басқармасының шешіміне байланысты Конкурстық комиссия құрамына қатысушылардың санын өзгерту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда мұғалімдерді жұмысқа орналастыру барысында конкурстық комиссия құрамында бір адамға артық болады.

Комиссияға қосымша мүше ретінде пәндік әдіскер қосылады, бұл маман педагогтің пәні бойынша кәсіби білімін тексеретін болады. Мысалы, жұмысқа ағылшын тілінің мұғалімін қабылдау барысында үміткердің ағылшын тілі мен пәнді әдістемесін қаншалықты білетінін пәндік әдіскер тексеретін болады.

Комиссияның толық құрамы: төраға, хатшы, пән бойынша әдіскер, БАҚ өкілі, қоғам қайраткері және қамқоршылық кеңестің бір қатысушысынан болуы керек.

Үміткердің кезеңнен өтудің ең төменгі шегі 15 балды құрайды.

Енгізілген өзгерістер тек Түркістан облысына ғана қатысты.

Жамбыл облысында Конкурстық комиссия құрамына қатысатын қатысушылар саны бұрынғы күйінде қалады, бұл комиссия мүшелері 5 адамнан құралады. Өзгерістер Комиссия құрамына  тек пәндік әдіскерді қосуға байланысты болып отыр.

Комиссия келесі өкілдерден тұрады: Комиссияның 4 қатысушысы хатшыны қоспағанда, дауыс береді.

Үміткердің кезеңнен өтудің ең төменгі шегі 12 балды құрайды.

 

Бұл хабарландыру Жеке кабинетте және жеке онлайн-поштада жарияланатын болады.