Аймақты таңдаңыз
KZ RU
Түркістан облысының мамандандырылған мектептеріне құжаттар қабылдау басталды

Түркістан облысында мамандандырылған мектептерге құжаттар қабылдау басталды.

Құжаттар 10 мамырға дейін қабылданады. Ал конкурстық іріктеу 11-18 мамыр аралығында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:

1) ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;

2) ЖСН нөмірі бар, өтініш берушінің туу туралы куәлігінің / жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (бар болса);

3) өтініш берушінің мектептегі үлгерімін растайтын табелі (директордың мөрімен расталған), тиісті білім беру ұйымдарының (бар болған жағдайда) мөрімен куәландырылған дипломдардың, мақтау қағаздары мен сертификаттардың көшірмелері;

4) 3х4 көлеміндегі үміткердің фотосуреті – 2 дана.

Өтінім беру үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Фото: ашық көздерден