Облыс зияткерлерінің қоржыны толықтырылды

Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 11 сынып оқушылыры арасындағы Президенттік олимпиада 2018 жылғы 13-16 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент күндер қарсаңында жүргізілетін іс-шаралар аясында өтті. Биылғы жылғы олимпиада дәстүрлі түрде Елбасымыздың еңбек қызметі басталған металлургтер қаласы – Теміртауда өткізілді.

Президенттік олимпиаданың басты идеясы – жаратылыстану-математикалық ғылымдары бойынша дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау, үздіксіз білім беру идеясын жүзеге асыру, қазақстандық зияткерлік элитасын қалыптастыру.

ХI Президенттік олимпиадасының республикалық кезеңінде павлодарлық оқушылар бес жүлделі орынға ие болды.

Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Ашенова Халифа мен Токкожин Арсен және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Муратов Ислам ІI дәрежелі дипломмен марапатталып; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Қуаныш Еркебұлан және Павлодар қ. №9 мектеп-гимназиясының оқушысы Ульянова Майя ІІІ дәрежелі дипломға ие болды

Ақпарат көздері: www.edu.gov.kz