Ертеңгі білікті мұғалімнің қажетіне!

Ертеңгі білікті мұғалімнің қажетіне!
Мектептегі алғашқы педагогикалық практиканың басталуына арналған тестерді сәтті тапсыру үшін сіздерге «Педагогика», «Педагогикалық психология» және «Психология» курстары бойынша жас ұрпақты оқытудың және тәрбиелеудің заманауи әдістерімен танысуға, оларды игеруге кеңес беріледі.
Тестерде төмендегі құжаттардан алынған педагогикалық ұғымдарға байланысты сұрақтар бар. Мысалы, «Білім – бұл қоғам мүшелерінің моральдық, интеллектуалдық, мәдени дамуының және кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі».
Демек, орта білім беру жүйесіндегі мұғалім қызметін реттейтін құқықтық құжаттардың мазмұнын біліп, негізгі ережелерін меңгеру қажет:
Мемлекет дамыған елдер деңгейіне бағытталған стандарттарға сәйкес білім беру мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы білім беру жүйесінің беделін арттыруға кепілдік береді.
Сонымен қоса ұлттық және жалпыға ортақ құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін сіздің ұстаз ретіндегі идеяларыңыз бен әрекеттеріңізге сай ұластырып, үлкен жетістіке жету мақсаты қойылған.